ТАБИҒАТТАНУ» ОҚУЛЫҒЫН ИНТЕРНЕТ
РЕСУРСТАРЫ АРҚЫЛЫ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Мұхамедрахим
Қыдырбайұлы, педагогика ғылымдарының кандидаты, Асс.профессор, «Тұран-Астана»
университеті, Астана. kursabaev@hotmail.com
Бүгінгі ғаламдық жаһандану жағдайында
білім мен тәрбие мәселесіне стратегиялық тұрғыда айырықша мән берген
мемлекеттер тұрақты экономикалық-әлеуметтік һәм мәдени-рухани өркендеу деңгейіне
жететіні айқын болып отыр. Қазақ Елінің әлемдегі дамыған елдердің алдыңғы
қатарынан көрінуіне ұмтылуының нақты Стратегиялық жоспарының негізгі тұтқасы –
білім жүйесін заманауи талаптарға сай модернизациялау болып табылады.
Дегенмен, аталмыш ұлы биіктерді
бағындыруда бүгінді таңда туған елімізде айтарлықтай азулы істер қолға алынып,
ірі қадамдар жасалып жатыр. Атап айтқанда:
- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының Қазақстан
халқына арнаған Жолдауы, «Қазақстан 2050» Стратегиялық даму бағдарламасы һәм
«Мәңгілік Ел» идеясы;
- Қазақстан Республикасының Стратегиялық
даму Жоспары, «Білім туралы», «Ғылым туралы», Қазақстанда 2011-2020 жылдарға
дейінгі білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, «E-learning» бағдарламасы;
Қазақстан
Республикасы білім және ғылым Министрлігіне қарасты «Оқулық» орталығы мен
Ұлттық Ақпараттандыру Орталығы (Нұрғалиева Г.Қ) электронды оқулықтар мен
цифрлық білім ресурстары һақында арнайы бөлім ашып жемісті еңбек атқарып
келеді. 12 жылдық білім жүйесіне Қазақстанның енуі Болон процесі шеңберіндегі
көптеген мемлекеттер уағдаласқан Халықаралық Хартия негізінде тұтас ғаламдық
білім кеңістігін қалыптастыру идеясының тұтқасы екені анық.
Бұл
орайда халықаралық ғылыми-техникалық ақпарат ресурстарын саралау мен талдайтын “Quacqarelli
Symond”, “Time High Education” сияқты әлемдік орталықтар тәуелсіз сараптама
жасай отыра, білім жүйесінің сапалық
көрсеткіштерін (база әр апта сайын жаңартылып отырады) әрдайым әлемдік рейтинг
(World Rankings University) бойынша анықтап отыруы – білім саласындағы
революциялық өзерістердің бірі деп
айтуға болады. Бұл жерде әлемдік рейтинг бойынша Harvard University, USA (100%)
көш бастап келсе, Азия құрлығы бойынша (оған Қазақстан білім ордалары да кіреді)
алдыңғы қатарда The University of Tokyo
(76,4%) оқу орындары иеленді.
http://www.timeshighereducation.co.uk/world-university-rankings/2013-14/regional-ranking/region/asia
Бағалаудың
негізгі критерийлеріне: халықаралық байланыс, ғылыми-зерттеу және оның
тиімділігі, Impact factor-мақала жазу және жоғарғы және орта білім арасындағы
байланыс (12 жылдық білім жүйесі) жатады. Осылайша, әрбір оқу орнының Интернет
сайтындағы жыл бойы атқарған ғылыми-зерттеу, оқыту технологиясын жетілдіру,
инновациялық жобаларды кеңінен енгізе отырып халықаралық байланыстарды нығайту;
өз кезегінде ұстаздар мен шәкірттер арасында шығармашылық қарым-қатынас орнату
туралы мағлұматтарына жасалған талдау жалпы оқу орнының сапалық көрсеткішін
анықтауға мүмкіндік береді. Оған дәлел ретінде мынадай жобаны бастадық.
Мониторда қызыл сызықпен белгіленген орын
порталға тіркелген адамдард жөнінде толық мағлұматтар береді. Осылайша, әрбір
тілкелуші өзі туралы қосымша материалдар,
түрлі тапсырмалар мен ұсыныстар туралы жан-жақты танымдық-шығармашылық жұмыс
істей алады. Оны мектептегі бір сыныптың (ІТ-сынып) электрондық картасы деп
атасақ болады.
Оқушылар
ұжымын әдетте ІТ-сынып деп алдық. Оны қызықты әрі мазмұнды ұйымдастыруда «Google+»
veb-парақшасында арнайы цифрлық ақпарат торабын сұлбаладық. Оның техникалық
параметрлері мол, салыстырмалы түрде «Hangouts» Интернет конференциясы жобасын
пайдалануға болады. Ұсынылған тиімді жобаларды «Facebook» порталындағы
материалдармен байланыстырдық
Дәлірек
топшылағанда, оқулықтың барлық мәтіні veb-парақшаның ішіне толық енгізілді. Әр
оқушы және пән мұғалімі жеке автарын иеленеіп, тақырыпты талдау мен меңгеру
үрдісіне кірісті. Айталық, мониторда көрсетілген «Тұман» тақырыбы бойынша,
біздер біріншіден дәстүрлі бағдарлама бойынша оқулықты меңгеріп, тақырыптан
туындаған мәселелерді дәптерге жазып, екіншіден өтілген сабақтың өзектілігімен
ұқсас, мазмұны жағынан жақын тақырыптарды Интернет көмегімен оңай ыңғайластыруымызға
болады.
|
мұқият оқы..
|
Пәнді
дистанциялық форматта оқытуда шет елдердегі қазақтар диаспорасы балаларымен On
line-сабақ формасы бойынша өткізуге болады.
Аса
ауқымды масштабтағы ҒТАР болып саналатын «Globethnics.net» (Swizerland) орталығының
шет елдердегі қазақ диаспораларымен қоян-қолтық жұмыс атқарудағы маңызы зор.
Онда тіркелген әрбір оқушы немесе ұстаз қажет жағдайда өзіне қажетті мағлұматты
өңдеп, өз кезегінде берілген тапсырмаларды барынша планетарлық масштабта
атқаруға мүмкіндік алады.
|
Үйрен
|
Айталық,
әр баланың ауа райы құбылыстары немесе табиғат аясындағы ерекше оазистерді,
қайталанбас ғажайып көріністер туралы тек бақылау күнделігіне жазып қоймай,
көрнекі материал ретінде дайындап, аталған Интернет ресурстарының біріне
ыңғайластыруы тамаша шығармашылық жұмыс боларына дау жоқ. Сол себепті, «You Tube» торабының техникалық-интеллектуалдық мүмкіндігін
пайдалана отырып, біздер «Табиғаттану» оқулығын қызықты жоба ретінде онда
орналастырдық. Оны аудио, видео қосымшалармен өрнектеуге болады.
Республика
көлемінде электронды оқыту немесе цифрлық оқыту ресурстары һақында көптеген
жұмыстар қолға алынуда. Оған басты себеп болып отырған мемлекеттік «E-learning»
бағдарламасы болып табылады. Бұл орайда Қазақстан Республикасы білім және ғылым
Министрлігі «Оқулық» орталығында қолға алынған көптеген жобалар бар.
Цифрлық
білім ресурстары деп аталатын аталмыш орталықтың басты мақсаты Интернет
жүйесінде On Linе режимінде оқулықты жасөспірімнің жүктеу, сараптау және
нәтижелеу мүмкіндіктері бойынша терең білім дағдысын қалыптастыруына
бағытталған. Пәнді игеруде аудио және видео материалдардың ұтымды пайдалануы
дидактикалық талаптарға сәйкестендірілген.
Ұлттық
Ақпараттандыру Орталығы тарапынан «таспа-disc» форматында дайындалған
электронды оқулықтар бірқатар озық жетістіктерге қол жеткізген. Десек те, білім технологиясының инновациялық ғаламдық
озық үлгілерін барынша ендіруде, көптеген заманауи жаңалықтарды оқу-тәрбие
үрдісіне пайдалануда көптеген балама жобалар пайда болуда. Олардың қатарына «Brainshark» ғылыми-техникалық ақпарат
ресурстары Орталығын жатқызуға болады.
Аталмыш
жобаның ерекшелігі, кез келген
материалды бүгінде Интернет желісінде балалар мен жасөспірімдерге арналған “World
of Warcraff”, “Carena”, “Heroes of Newerth”, “Gotic7”, “Blood5”, “DOT” танымдық-интеллектуалдық
ойын-сайыстары форматында оқыту технологиясы желісінде құруға болады. Оған
мысал ретінде «Қазақ киіз үйінің тарихы»
тақырыбына арналған ғылыми-зерттеу жұмысы туралы «Brainshark» орталығындағы
авторлық жобамызды келтіруге болады.
Жоғарыда келтірілген тұжырымдар мен
сипаттамалар төмендегідей қорытынды жасауымызға негіз болды:
-
Көпшілік назарына ұсынылған «Табиғаттану» Интернет-оқулығы форматында әр мектеп
базасында эксперименталды ІТ-сынып ашу;
-
Қазақстан мектептері мен оқу орындарындағы білім сапасы айқындайтын рейтинг
орталықтарының әлемдік «Top World Rankings of School 400» орталықтары базасына
айналдырып, лайықты орнын алуына ықпал
ету;
-
Мемлекеттік «E-Learning» бағдарламасын ұрпақ игіліне айналуына ұйытқы болу
мақсатында ғылыми-практикалық конференциялар, семинар-тренингтер,
Интернет-форумдар һәм вебинарлар өткізу;
-
«ЕХРО 2017 және балалар» жобасы аясында халықаралық Интернет-байқаулар жобасына
қатысу;
Пайдаланылған әдебиеттер һәм
Интернет ресурстар:
Қазақстанда
2011-2020 жылдары білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
Құрсабаев М.Қ.
Қазақ нама. Таңдамалы шығармалары, Астана, 2008, 506 бет
Комментариев нет:
Отправить комментарий