«Ағаш» атауына қатысты тұжырым
Мұхамедрахим
Қыдырбайұлы, Астана, 9 наурыз 2015 жыл
Жер қаншама адамзат перзентін
сақтап, қорғап керемет қамқорлық көрсеткенімен, жер бетіндегі жасыл желек
аймағының атқаратын миссиясы өте маңызды.
Жердің беткі қабатындағы
жасыл-желек жамылғысы біркелкі емес. Олар табиғат зоналары арқылы климаттық
белдеулер құбылыстарына тәуелді бола тұра, бүкіл жер шарында әртүрлі бағытта
таралады.
Айталық, экватор аймағы немесе
оған жақын орналасқан Жер планетасының бөлігі көп жағдайда ну орман (оны
джунгли деп те атайды) мен қалың тоғайлы алқапты құрайды. Тіпті, аталған
аймақтағы жазық, таулы, сулы һәм нулы жерлер, сонымен бірге теңіз бен мұхит
экожүйесі тұтастай жасыл желектің құрсауында.
Табиғат зоналарының тропикалық,
субтропикалық, орманды, дала, шөл, шөлейт һәм арктикалық, субарктикалық т.б
белдеулерге бөлінуі – Күн сәулесінің өсімдік дүниесіне тигізетін маңызына
байланысты. Демек, Жер планетасының шар тәрізді болуы күн шуағының
(радиациясының) жер бетіне біркелкі таралмауынан жасыл-желек аймағы әртүрлі
сипатта өседі.
Ағаштың түрлері өте көп екенін
білеміз. Ал, оның жапырағының адам организміне аса қажет көмірқышқыл газын
(кислород) бөліп шығаруы – шынында ғажап жаратылыс!
Бүгінде жер бетіндегі орманды,
шалғынды алқаптардың өрт, агротехникалық және басқа табиғи һәм жасанды
факторлардың әсерінен жойылып бара жатқаны жаңсақ емес. Сол себепті ағаштың
қаулап өсуіне қамқорлық жасау, оны күту және өсіру – біздің басты міндетіміз.
Қазақ халқы ежелгі заманнан
бері мал және егін шаруашылығымен айналысып келе жатқан әлемдегі байырғы
ұлттардың бірі. Жасыл-желек әлемі халқымыздың ән-күйі мен өнерінде маңызды орын
алған. Кілем және текемет тоқу барысында халқымыз өсімдіктер дүниесін негізгі
тақырып орнына алған. Сондай-ақ «көкті баспа», «жапырақты жұлма» деген тыйым
сөздерді ұрпақ санасына сіңіріп отырған.
Комментариев нет:
Отправить комментарий